25.05.2017, 15:40 6490

Байқоӊырда "Халықтар достығы" турнирі өтті

Байқоӊыр қаласында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан және ересектер арасында әскери самбодан ІІІ республикалық "Халықтар достығы" атты турнир өтті.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Байқоӊыр қаласында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан және ересектер арасында әскери самбодан ІІІ республикалық "Халықтар достығы" атты турнир өтті.

Жасөспірімдер арасындағы жарысқа Қырғызстан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстары, Қазалы ауданы, Қызылорда, Байқоӊыр қалалары, Қармақшы-1, Қармақшы-2 командалары қатысты.

Боз кілемде белдескен жасөспірімдер арасында бірінші орын тұғырына Д. Мақантаев (29 келі, Байқоӊыр), А,Алмашев (32 келі, Байқоӊыр), И.Сақитжан (35 келі, Байқоӊыр), А.Қазақбаев (38 келі, Жамбыл обл), Д.Алпысбаев (42 келі, Байқоӊыр), Т.Уланбек уулы ( 46 келі, Қырғызстан), А.Тұраш (50 келі, Қармақшы), Д.Алтай (55 келі, Қармақшы), Д.Талғатұлы (60 келі, Қармақшы) және Ж.Ангисинов (+60 келі, Байқоӊыр) шықты.

Ал ересектер арасында әскери самбодан сайысқа 6 команда қатысып, жалпыкомандалық есепте 1-орынды Байқоӊыр күрес федерациясыныӊ командасы иеленді. Екінші орын Қазалы ауданы, үшінші жүлде ІІМ Байқоӊыр қалалық басқармасы спортшыларына бұйырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны