10.12.2018, 01:02 50212

Балтық аймағында алғаш рет тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Олайнеде (Латвия) қазақтыӊ зияткерлік ұлттық ойыны - тоғызқұмалақтан Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай жарыс өтті. Сайысты ҚР Литва және Латвиядағы елшілігі, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Олайне қаласы әкімшілігі ұйымдастырды.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Олайнеде (Латвия) қазақтыӊ зияткерлік ұлттық ойыны - тоғызқұмалақтан Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай жарыс өтті. Сайысты ҚР Литва және Латвиядағы елшілігі, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Олайне қаласы әкімшілігі ұйымдастырды.

Жарысқа 20 спортшы қатысты. Спортшы С. Ақтаев мыӊ жылдық тарихы бар ойынныӊ қыр-сырымен таныстырып, стратегия құру мен жылдам жеӊіске жету тәсілдерімен бөлісті.

Тартысты интеллектуалды және стратегиялық сайыс нәтижесінде ересектер арасында: 1 орын - С. Ақтаев (Қазақстан), 2 орын - Д.Липина (Латвия), 3 орын - Д. Козлов (Латвия). Ұлдар арасында: 1 орын - Д. Липин (Латвия), 2 орын - Д. Козлов, 3 орын - Д. Раминиш. Қыздар арасында: 1 орын - В. Чагина (Латвия), 2 орын - E. Чагина, 3 орын - M.Гетманюк иеленді.

Елшілік пен Федерация жарысты жыл сайын өткізіп, оныӊ ауқымын кеӊейтуді жоспарлауда. Латвиядағы тоғызқұмалақ спорты бойынша секция Л. Азимова басшылығындағы "Логика" интеллектуалды үстел ойындары клубыныӊ базасында құрылған.

Латвиялықтар Қазақ мәдениеті кеші ауқымында сондай-ақ Қазақстанныӊ табиғаты туралы фотокөрме мен ұлттық биді тамашалап, қазақша дастархан мәзірінен дәм татты. Олар Қазақстан туралы викторинаға қатысып, оныӊ аясында Президент Н. Назарбаевтыӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" мақаласыныӊ негізгі мазмұнымен танысты. Латвиялық мектеп хоры қазақстандық тарапқа сыйлық ретінде "Дударай" ұлттық әнін орындап берді.

Тоғызқұмалақ тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Германия, Чехия, Франция, Швейцария және тіпті Колумбия сияқты әлемніӊ көптеген елдерінде де танымал. Қазақстанда тоғызқұмалақпен екі жүз мыӊнан астам адам шұғылданады. Келесі жылы Түркияда тоғызқұмалақтан кезекті V әлем чемпионаты өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны