12.08.2008, 19:26 2916

Балуан Нұрбақыт Теңізбаев Қазақстанның олимпиадалық құрамасының қоржынына қола медаль әкелді (толық нұсқасы)

Балуан Нұрбақыт Теңізбаев Қазақстанның олимпиадалық құрамасының қоржынына қола медаль әкелді (толық нұсқасы)

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Балуан Нұрбақыт Теңізбаев Қазақстанның олимпиадалық құрамасының қоржынына қола медаль әкелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н.Теңізбаев грек-рим күресі бойынша 60 килограмдық салмақ категориясындағы сайысқа түскен. Ол Қытай балуанын тізе бүктіріп, Пекин Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н. Теңізбаев Алматы облысының Үшарал ауылының тумасы. Олимпиадаға Алматы облысының атынан қатысуда. 2006 жылы Азия чемпионы атанған, 2004 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны