18.05.2015, 11:20 8129

Бейбіт Шүменов WBA рейтингінде көш бастады

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығыныӊ нұсқасы бойынша әлем боксшыларыныӊ жаӊартылған рейтингі шықты. Бірінші ауыр салмақ рейтингін қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов бастады

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығыныӊ нұсқасы бойынша әлем боксшыларыныӊ жаӊартылған рейтингі шықты. Бірінші ауыр салмақ рейтингін қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊартылған тізімде Бейбіт Шүменов бір сатыға жоғарылап, бірінші ауыр салмақ (90,7 келіге дейін) рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Қанат Ислам бірінші орта салмақта сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Ал тағы бір отандасымыз Жанат Жақиянов еӊ жеӊіл салмақ дәрежесінде үшінші сатыдан көрінді ( 53,4 келіге дейін).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны