14.07.2016, 16:25 8750

Бейжіӊ олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық спортшыдан допинг табылды

Аталған мәліметте "Қазақстанныӊ Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардыӊ "Б" допинг сынамаларыныӊ қосымша тексерілу процедурасын растайды" деп көрсетілген

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Бейжіӊ олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық спортшыдан допинг табылды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) ресми сайты хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған мәліметте "Қазақстанныӊ Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардыӊ "Б" допинг сынамаларыныӊ қосымша тексерілу процедурасын растайды" деп көрсетілген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) Халықаралық Олимпиадалық комитетініӊ хабарлауынша, "А" допинг сынамалары қайта тексеруден өткізілген спортшылардыӊ арасында 2008 жылы Бейжіӊ Олимпиадасына қатысқан алты қазақстандық спортшыныӊ сынамасы күдік тудырған. Қазіргі таӊда "Б" допинг сынамалары Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктіӊ (WADA) процедураларына сай қосымша тексеріліп жатыр.

Шілденіӊ 18-26 аралығында Лозанна (Швейцария) қаласында ҚР ҰОК өкілдерініӊ қатысуымен "Б" допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтеді. Қазір Халықаралық Олимпиадалық комитетініӊ регламентіне сәйкес аталмыш процедура құпия және тестілеудіӊ түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ақпарат жарияланбайды. Қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердіӊ ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана Ұлттық Олимпиадалық комитет осы мәселе бойынша түсініктеме беруге уәкілетті болады.

Естеріӊізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинніӊ Бейжіӊ мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованыӊ да сынамалары оӊ нәтиже берген. Олар уақытша жарыстардан шеттетілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны