01.02.2011, 15:52 16549

Биатлон Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальді еншіледі

Биатлон Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальді еншіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - Биатлон Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальді еншіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандық биатлоншы Александр Червяков ерлер арасындағы 10 шақырымға созылған спринттік жарыста мәре сызығын бірінші болып қиып, 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жерлесіміз нысана көздеу кезінде 2 мәрте мүлт кеткендігіне қарамастан, соңғы шақырымдарда жылдамдығын үдетіп, көмбеген 29 минут 06,1 секундта келді.

Сөйтіп Қазақстан құрамасының қоржынына 10-алтын медальді салды. Бұл сында күміс жүлдені қытайлық биатлоншы Рен Лон , ал қола медальді жапондық биатлоншы Джунджи Нагаи иеленді. Жарыс Алматы облысының "Солдат" шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 10 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль бар. Біздің команда бейресми жалпыкомандалық есепте 1-орында келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны