26.05.2016, 22:05 10311

БОКС: Назым Қызайбай әлем чемпионатыныӊ финалына өтті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатыныӊ финалына өтті

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатыныӊ финалына өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол байрақты бәсекеніӊ ақтық сынына жолдама алған алғашқы аруымыз, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық Назым Қызайбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалдық жекпе-жекте Оӊтүстік Корея өкілі Йон Гум У-ды жеӊді. Есеп - 3:0 (40:36, 39:37, 39:37).

Шешуші кездесуде Назым америкалық Марлен Эспарзуды жеӊген қытайлық Юян Ванмен жұдырықтасады.

Финал ертеӊ, 27 мамырда өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны