26.04.2017, 16:22 4980

Бокстан 4-ші Жастар спорт ойындары аясында Қызылорда облысыныӊ қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды еншіледі

Оӊтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасыныӊ 4-ші Жастар спорт ойындары аясында бокстан жарыс өтті. Оған Астана, Алматы қалалары мен еліміздіӊ 12 облысынан 100-ге жуық 1999-2000 жылдары туған жас боксшылар қатысты.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасыныӊ 4-ші Жастар спорт ойындары аясында бокстан жарыс өтті. Оған Астана, Алматы қалалары мен еліміздіӊ 12 облысынан 100-ге жуық 1999-2000 жылдары туған жас боксшылар қатысты.

Жарыс қорытындысында Қызылорда облысыныӊ қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды еншіледі.

Аймақ намысы сынға түскен додада Қызылорда, Қазалы қалалары мен Қазалы аудандарыныӊ спортшылары команданыӊ алға шығуына өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, 81 келі салмақта сынға түскен Таӊшолпан Илиева күміс жүлдеге қол жеткізді. Гүлжанат Оӊдаш (54 келі), Назерке Бақыт (57 келі), Ғалия Толыбай (69 келі), Таӊшолпан Жақанбай (75 келі) және Мөлдір Раушанбек (+81 келі) қола жүлдеге ие болды.

Спортшыларды жарысқа Бақытбек Құлбаев, Шахноза Исаханова, Айдос Өмірбеков және Жәнібек Аралбаев дайындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны