06.05.2015, 22:54 8453

Бүгін Отан қорғаушылар күні және Жеӊіс күні қарсаӊында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бүгін ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

2015 жылғы 5-ші мамыр күні Тараз қаласыныӊ әуежайыныӊ ұйымдастыруымен Ұлы Отан Соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған Жамбыл облысы ІІО командалары арасында кіші футболдан турнир өткізілді

Тараз. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 5-ші мамыр күні Тараз қаласыныӊ әуежайыныӊ ұйымдастыруымен Ұлы Отан Соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған Жамбыл облысы ІІО командалары арасында кіші футболдан турнир өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ережеге сәйкес турнирге барлығы 8 команда қатысты, олар: Тараз қаласыныӊ әуежайыныӊ командасы, "Қазаэронавигация" командасы, Шекара қызметі командасы, Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы және т.б. командалар, 8 команда жеребе арқылы 2 топқа бөлініп, бір-біріне қарсы ойын көрсетіп қана қоймай, шымырлық пен шеберліктерін сынға салды.

Қос мерекеніӊ құрметіне өткізілген аймақтық турнирдіӊ қорытындысы бойынша лайықты командалар ақтық сынды артқа тастап топ жарды. Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ командасы 1-ші орынды иеленсе, Шекара қызметі командасы 2-ші орыннан, ал Тараз қаласыныӊ әуежайыныӊ командасы 3-ші орыннан көрінді.

Жарыс соӊында жеӊімпаздар мен жүлдегер командаларға арнайы кубок, медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жамбыл ст. ІІЖБ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны