30.05.2018, 23:36 5684

Бүгін жер шарындағы еӊ биік нүкте - Эверест шыӊына екінші рет көтерілген атақты спортшы, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаевты салтанатпен қарсы алу рәсімі өтті

Мақсұт Жұмаев Қазақстан Республикасыныӊальпинизм бойынша еӊбегі сіӊген спорт шебері, әрі планетамыздағы "сегіз мыӊдық" 14 шыӊныӊ барлығын қосымша оттегін пайдаланбай бағындырған әлемдегі 12-ші адам.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында" жер шарындағы еӊ биік нүкте - Эверест шыӊына (8848 м) екінші рет көтерілген атақты спортшы, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаевты салтанатпен қарсы алды. Ол Эвересті оӊтүстік және солтүстік жағынан қатар бағындырған әлемдегі санаулы альпистердіӊ тізіміне енді. Бүгінгі тарих дерегіне жүгінсек, осы екі бағытпен әлемде небәрі онға жуық адам ғана жүріп өткен. Илем биігін бағындырған жерлесіміз өз жеӊісін Астананыӊ 20 жылдығына арнап отыр.

Мақсұт Жұмаев Қазақстан Республикасыныӊальпинизм бойынша еӊбегі сіӊген спорт шебері, әрі планетамыздағы "сегіз мыӊдық" 14 шыӊныӊ барлығын қосымша оттегін пайдаланбай бағындырған әлемдегі 12-ші адам.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны