03.04.2015, 22:17 12125

Бүкіләлемдік Универсиада-2015 жарысыныӊ жүлдегерлері марапатталды

Астанада Бүкіләлемдік Универсиада-2015 спорттық жарысыныӊ жеӊімпаздары, жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада Бүкіләлемдік Универсиада-2015 спорттық жарысыныӊ жеӊімпаздары, жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты кешенді, жүйелі көзқарасты қажет етеді. Өйткені тек денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады",-деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

2015 жылы өткен XXVII Бүкіәлемдік қысқы Универсиадаға Қазақстан құрамасында 7 спорт түрінен 93 спортшы қатысты.

Жалпы алғанда, өткен Универсиадада 43 мемлекеттен барлығы 1 мыӊ 500-ден астам спортшы-студент қатысты. Қазақстандық спортшылар еліміздіӊ абыройын Универсиада аренасында лайықты қорғай білді.

Студенттік спорттыӊ тарихында жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы алғаш рет Ресей мен Оӊтүстік Кореядан кейін 3-ші орынды жеӊіп алды. Нәтижесінде еліміздіӊ құрамасы 5 алтын, 6 күміс медальды жеӊіп алды. Келесі Универсиада 2017 жылы өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны