25.10.2019, 17:10 90104

Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-ші орында

Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505 болды. Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-ші орында тұр. Бұл қазақстандық қыздар шахматы үшін рекорд.

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Англияның Мэн аралында Grand Swiss Халықаралық шахмат турнирі аяқталды. Бұл FIDE турнирлерінің ең ірі жарыстарының бірі - 11 турға созылатын ұзын қашықтықты жарыс болып табылады.

Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты.Турнирдің деңгейін әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және басқалар шахматшылардың қатысуынан-ақ білуге болады. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады.

Турнирде қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті.

- Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды! - дейді Динара. -күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Баркүшімді салдым - дегенмен зор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат элитасы - "алтыжүздіктер" тобындағы гроссмейстерлер болды! Бұл құрам мені қорқытқан жоқ, керісінше, өзімді тексеруге ниет тудырды.

Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505 болды. Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-ші орында тұр. Бұл қазақстандық қыздар шахматы үшін рекорд.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны