22.08.2016, 14:20 5383

Динара Садуақасова шахматтан әлем чемпионы атанды

Үндістан Орисса Бхубанесваре штатыныӊ астанасында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында әлем чемпионаты өтуде.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Үндістан Орисса Бхубанесваре штатыныӊ астанасында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында әлем чемпионаты өтуде. 19-жасар қазақстандық гроссмейтер Динара Садуақасова кезекті рет турнир жеӊімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Илем чемпионатыныӊ жеӊімпазы гроссмейтер атағына ие болады. Алайда отандасымыз бұл атаққа 2012 жылы 16 жасында қол жеткізіп, мемлекетіміздіӊ әйелдер арасындағы еӊ жас гроссмейтері атанды. Сол жылы ол, сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен марапатталды.

Динара Садуақасова - халықаралық турнирлердіӊ бірнеше дүркін жеӊімпазы. Бойжеткен 2013 жылы Sport Review журналыныӊ, ал 2014 жылы "Караван" газетініӊ нұсқалары бойынша жыл спортшысы атанған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны