02.03.2015, 09:41 12788

Елбасы футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарысты тамашалады

Суперкубокты алматылық "Қайратты" пенальти нәтижесі бойынша жеӊген елордалық "Астана" командасы иеленді

Астана. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Суперкубокты алматылық "Қайратты" пенальти нәтижесі бойынша жеӊген елордалық "Астана" командасы иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы ойынға қатысушыларға табыс тіледі және жеӊімпаздарға Суперкубокты табыс етті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа Швециядан шақырылған Й.Эрикссон бастаған төрешілер тобы төрелік етті.

Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін жарыс 1995 жылдан бері өтіп келеді. Кезекті футбол маусымын ашатын жарысқа чемпионат жеӊімпазы мен өткен маусымдағы Кубок иегері қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны