13.02.2008, 17:24 2613

Халықаралық теннис федерациясы Қазақстанда теннисті дамыту жөніндегі бес жылдық бағдарлама әзірледі

Халықаралық теннис федерациясы Қазақстанда теннисті дамыту жөніндегі бес жылдық бағдарлама әзірледі

Астана. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Халықаралық теннис федерациясының президенті Франческо Ричи Биттимен және Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищевпен кездесу өткізді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Кездесу барысында тараптар әлемдегі және Қазақстандағы теннистің даму жағдайын, сондай-ақ Халықаралық теннис федерациясының әзірлеген осы спорт түрін дамытудың бес жылдық жоспарына Қазақстанның теннис федерациясының қатысуын талқылады. Олар аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру арқылы Қазақстанның теннис спорты дамудың сапалы жаңа кезеңіне шығатынына сенім білдірді",- деп айтылған баспасөз қызметінің таратқан баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны