21.07.2016, 22:18 10206

Ильинніӊ бапкері Бектеміров штаттық ұлттық командалар дирекциясымен арадағы келісімшартты бұзды

Олимпиада чемпионы Илья Ильинніӊ бапкері Тойшан Бектеміров штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясымен арадағы келісімшартты бұзды

Астана. 21 шілде. Kazakhstan Today - Олимпиада чемпионы Илья Ильинніӊ бапкері Тойшан Бектеміров штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясымен арадағы келісімшартты бұзды, деп хабарлады Новости-Казахстан ауыр атлетика бойынша мемлекеттік бапкер Меӊдіхан Тәпсірге сілтеме жасап, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Иә, бұл шамамен бір ай бұрын болды", - деді бапкер телефон арқылы.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ильинніӊ 2008 жылғы Бейжіӊ Олимпиадасындағы допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылғанын мәлімдеген соӊ қазақстандық ауыр атлеттердіӊ көшбасшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды. Кейін белгілі болғандай, Ильин олимпиада чемпиондары Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанломен бірге Лондондағы Олимпиадада алынған допинг сынамаларды тексергенге дейін жарыстардан уақытша шеттетілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны