27.03.2015, 13:54 12707

Илья Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионатты тамашалады

Лондон қаласындағы Иулие Мария атындағы университетте өткен студенттер арасындағы чемпионатты тамашалау барысында, И. Ильин Ұлыбритания ауыр атлетика Федерациясыныӊ атқарушы директоры Эшли Мэткафпен кездесті

Лондон. 27 наурыз. Kazakhstan Today - Лондон қаласындағы Иулие Мария атындағы университетте өткен студенттер арасындағы чемпионатты тамашалау барысында, И. Ильин Ұлыбритания ауыр атлетика Федерациясыныӊ атқарушы директоры Эшли Мэткафпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы жарысқа қатысушы британдық студенттермен кездесіп, өзініӊ жаттығу процесі, алдағы жоспарлары және Қазақстан спортыныӊ даму келешегі жөнінде баяндады, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Іс-шара соӊында, И. Ильин ауыр атлетикадан Ұлыбритания студенттері арасындағы чемпионаттыӊ жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны