14.12.2015, 09:58 8149

Илья Ильин елініӊ нағыз батыры екенін тағы бір рет дәлелдеді

Жұлқа көтеруде Ильин 246 келі зілтемірді көтеріп, осыдан тап бір жыл бұрын Алматы қаласындағы Илем біріншілігінде өзі орнатқан рекордты (242 келі) қайта жаӊартты, ал Зайчиков 226 келімен екінші орынға тұрақтады.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Грозныйда өткен РФ Президенті Кубогында алтыннан алқа тақты, тағы бір атлетіміз Александр Зайчиков күміс жүлдені иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

105 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандастарымыз ірі есеппен алға шығып, қарсыластарын шаӊ қаптырды. Ильин серпе көтеру сайысын 191, ал Зайчиков 190 келімен тәмамдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жұлқа көтеруде Ильин 246 келі зілтемірді көтеріп, осыдан тап бір жыл бұрын Алматы қаласындағы Илем біріншілігінде өзі орнатқан рекордты (242 келі) қайта жаӊартты, ал Зайчиков 226 келімен екінші орынға тұрақтады.

Сонымен, жалпы есепте 437 (191+246) ұпай олжалаған Илья Ильин қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, тұғыр биігіне көтерілді, күміс жүлде екі сайыстыӊ қорытындысында 416 (190+226) келіні көтерген Александр Зайчиковте. Ал үшінші орын 411 (186+225) ұпай жинаған ресейлік Тимур Наниевке бұйырды.

Айта кету керек, бұған дейін қос қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова мен Денис Уланов Қазақстан қоржынына күміс медаль салған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны