10.07.2006, 11:39 3197

Италия құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Берлинде өткен финалдық жекпе-жекте Франция құрамасын жеңген Италия құрамасы футболдан төрт дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Негізгі және қосымша уақытта екі құрама 1:1 есебімен тең ойнады. Ал ойыннан кейінгі пенальтилер сериясы кезінде Италия құрамасы 5:3 санымен қарсыласын тізе бүктірді.

Италия құрамасы бұған дейін 1934, 1938 және 1982-жылдары әлем біріншілігінде жеңіске жеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны