02.03.2017, 14:08 4900

Қарағандылық спортшы батутта секіруден Илем кубогында "алтын" алды

Ақпан айыныӊ соӊында Баку қаласында батутта секіруден биылғы Олимпиадалық циклдегі алғашқы Илем кубогы өтті. Қарағандылық Данил Мусабаев аталған жарыста алтын олжалады.

Қарағанды. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Ақпан айыныӊ соӊында Баку ?aeanuiда батутта секіруден биылғы Олимпиадалық циклдегі алғашқы Илем кубогы өтті. Қарағандылық Данил Мусабаев аталған жарыста алтын олжалады. Ол 15 елден келген 85 спортшыныӊ ішінен топ жарды.

Данилдіӊ айтуынша, мықтылар қатарында Ресей, Беларусь және Франция спортшылары болған. Одан басқа, додаға батутта секіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шымкент спортшысы Пирмамад Алиев темел намысын қорғады. Синхронды секіруде де Данил бірінші орын алды.

Данил Мусабаев Қазақстан құрамасыныӊ аға бапкері Сергей Вертянкинніӊ және Қарағанды облысыныӊ гимнастика федерациясыныӊ президенті Юлия Бадинаныӊ жетекшілігімен жаттығады.

karaganda-region.gov.kz сайты

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны