10.06.2011, 12:15 19283

"Каспий" футбол клубының директоры мен бапкерлері сотталды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында "Каспий" футбол клубының директоры мен үш бапкері қызмет бабын пайдаланып 9,3 млн теңгені жымқырғаны үшін шартты түрде сотталған. Бұл туралы Қазақстанның қаржы полициясы мәлім етті.

Астана. 10 - маусым. Kazakhstan Today - "Каспий" футбол клубының директоры мен жаттықтырушылары сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында "Каспий" футбол клубының директоры мен үш бапкері қызмет бабын пайдаланып 9,3 млн теңгені жымқырғаны үшін шартты түрде сотталған. Бұл туралы Қазақстанның қаржы полициясы мәлім етті.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, МКҚК "Каспий" футбол клубының директоры Н.Сарғұлов және жаттықтырушылар М.Жамбыров, Р.Чапаев және М.Мұхамбетғалеев өздерінің қызмет бабын пайдалана отырып, ойыншылардың Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына, Ресей Федерациясының Сергеевск, Самара және Астрахань қалаларына, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Алматы және Тараз қалаларына бару жолын ұйымдастыруға бөлінген 9,3 млн. теңге ақшалай қаражатты иеленіп алып, мемлекетке жоғарыда көрсетілген сомада залал келтірген.

"Ақтау қалалық сотының үкімімен Н.Сарғұлов ҚР ҚК 176-бабының 3-тармағының "б, г" тармақшалары (сеніп тапсырған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылып, дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 3 жылға дейін басшылық лауазымда болу құқығынан айырылып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Жаттықтырушылар М.Жамбыров, Р.Чапаев және М.Мұхамбетғалиев ҚР ҚК 176-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны