31.07.2015, 12:32 9618

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдық мерейтойына арналған 550 шақырымдық марафоны өтті

Ағымдағы жылдыӊ 1-тамыз күні сағ. 10:00-де Ақмола облысы Бурабай ауданында "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ-ныӊ қолдауымен Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған 550 шақырымдық марафоны басталды

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 1-тамыз күні сағ. 10:00-де Ақмола облысы Бурабай ауданында "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ-ныӊ қолдауымен Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған 550 шақырымдық марафоны басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараныӊ негізгі мақсаты - Қазақстанныӊ ел болып қалыптасуындағы тарихи кезеӊніӊ маӊыздылығын жас ұрпақтыӊ санасы сіӊіру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау болды.

Марафон үш жүздіӊ басын қосқан қазақ ханы Абылайдыӊ Ресей, Қытай, Бұхара хандықтарыныӊ елшілерін қабылдауында көрініс тапқан Абылай хан алаӊынан басталып, Ақмола облысы, Астана қаласы және Қарағанды облыстары арқылы өтіп, бүгінде белгілі ұлттыӊ табысқан төбесі, ұйысқан іргесі - Ұлытау жерінде аяқталады.

Ұзақ қашықтыққа жүгіруді елге танымал Күлпейісов Балғабай Көпжасарұлы мен Ибілов Қалибек Ислямұлы бастады.

Жүнісова Жанаргүл, "Жас Отан" ЖҚ Ақмола облыстық филиалыныӊ төрағасы: "Бұл шаралар қоғам бастамасы болып табылады және осы жылы қазақстандықтар атап өтетін мерекелерге арналады. Қазақ хандығы құрылуыныӊ 550 жылдығы адамдармен - өз заманыныӊ батырларымен байланысты және қазіргі жастар олар туралы білулері тиіс".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны