27.04.2017, 16:46 6115

Қазақ күресінен Қызылорда облыстық "Алтын белбеу" сайысы басталады

30 сәуір күні Қызылорда облыстық "Евразия" спорт кешенінде қазақ күресінен "Алтын белбеу" облыстық ақтық сайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - 30 сәуір күні Қызылорда облыстық "Евразия" спорт кешенінде қазақ күресінен "Алтын белбеу" облыстық ақтық сайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады.

Қазақ күресінен "Түйе палуан" атанған спортшы "Сыр Барысы" атағын иеленіп, оған "Алтын белбеу" тағылады.

Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар 2 шілдеде Астана қаласында өтетін "Қазақстан барысы" турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.

Жарыстыӊ салтанатты ашылуы сағ. 11.00-де, ақтық белдесулер 11.30-да, "Түйе палуандар" сайысы 13.00-де.

Жарыс соӊында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін)

Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын жарысты тамашалауға шақырады. Кіру тегін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны