02.09.2015, 13:25 9342

Қазақ саӊылақтары Аргентинада 4 жүлдеге қол жеткізді

Латын Америкада "Argentina Open" турнирі өз мәресіне жетті. Үшінші халықаралық ашық біріншілік Аргентина астанасы Буэнос-Айрос қаласында 29-30 тамыз күні өткен болатын. G-1 дәрежесіндегі беделді жарыста барлық жас категориялар, атап айтқанда кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер сынға түсті. Жалпы алғанда 500-ден астам саӊылақ үздіктерді анықтады

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Латын Америкада "Argentina Open" турнирі өз мәресіне жетті. Үшінші халықаралық ашық біріншілік Аргентина астанасы Буэнос-Айрос қаласында 29-30 тамыз күні өткен болатын. G-1 дәрежесіндегі беделді жарыста барлық жас категориялар, атап айтқанда кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер сынға түсті. Жалпы алғанда 500-ден астам саӊылақ үздіктерді анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қандастарымыз елдіӊ бас қаласы Буэнос-Айрес төрінде өткен байрақты додада 4 жүлдеге қол жеткізді. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Жапаров Руслан үздік шығып, чемпион атанды. Финалда жерлесімізге қарсы жергілікті Мартин Сио шыққанына қарамастан, алыбымыз 6:12 есебімен сенімді жеӊіске жетті. 68 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдені таеквондо әлемінде еӊ танымал отбасы мүшесі Марк Лопес пен біздіӊ Қайрат Сарымсақов сарапқа салған болатын. Өкінішке орай, тартысты өткен кездесуде Қайрат қарсыласына қайратын өткізе алмай, 2:5 есебімен жол беріп қойды. Қалай болса да күміс жүлде қоржында. Ал қыздар арасынан Адангорова Фариза мен Ергешова Феруза қола жүлдеге қанағат тұтты.

Латын Америкаға ұлттық құрама француз маманы Филип Пинер мен Жаӊбыров Нурболат жетекшілігінде барған болатын. Аргентина даянгтерінде ел намысын 7 саӊылақ қорғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны