17.07.2013, 10:12 47877

Қазақстан Қазандағы Универсиадада медальдік есепте 18-орында

Қазан қаласындағы Универсиадада қазақстандық спортшылар тағы да 4 медаль ұтып алды, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Қазандағы Универсиадада медальдік есепте 18-орында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазан қаласындағы Универсиадада қазақстандық спортшылар тағы да 4 медаль ұтып алды, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Осылайша, самбошы Дилдаш Құрышбаева 68 килограмға дейінгі үшінші орын үшін жекпе-жекте Беларусь спортшысы Ольга Намазованы 3:0 есеппен жеңді. Осы спорт түрінде Бағдат Жарылғасов (62 кг) ақтық жекпе-жекте Ресей өкілі Илья Хлыбовтен осал түсті - 0:1.

Грек-рим күресі бойынша жарыста Алмат Кебіспаев (60 кг) қола үшін тартыста молдовалық Максим Мамулатты ойсырата жеңді - 5:0.

Командалық есепте 50 метр қашықтықта мылтықтан атудан Олеся Снегиревич, Александра Малиновская және Юлия Морозовадан тұратын Қазақстанның әйелдер құрамасы алтынды жеңіп алды.

62 келіге дейінгі салмақта самбошы Севара Нишанбаева болгар спортшысы Гергана Вацеваяға қола үшін тартыста жол беріп қойды - 2:4.

Медальдік есеп:

1. Ресей - 281 (147,72,62);

2. Жапония - 82 (24,28,30);

3. Қытай Халық Республикасы - 73 (24,27,22);

18. Қазақстан - 30 (3,11,16).

Қазандағы Универсиадада Қазақстанның медальдері (6-17 шілде):

Алтын (3): Қазақстан (Олеся Снегиревич, Александра Малиновская және Юлия Морозова) (ату), Маргарита Мукашева (жеңіл

атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);

Күміс (11): Бейімбет Қанжанов, Бағдат Жарылғасов (самбо), Сергей Емельянов - 2 (байдаркада және каноэда есу), Илихан Жұмаев (күрес), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Руслан Құрбанов (семсерлесу);

Қола (16): Асхат Жаңбыров, Нұрмахан Тынәлиев, Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Ажар Кенбеил, Дилдаш Құрышбаева (самбо), Қазақстан (Олеся Снегиревич, Юлия Морозова және Александра Малиновская), Қазақстан (Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук және Жания Айдарханова) (ату), Қазақстан (Дмитрий Алексанин, Эльмир Илімжанов, Дмитрий Грязнов, Руслан Құрбанов) (семсерлесу) Бердах Примбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Никита Филиппов, Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гульнур Ерболова (белбеумен күрес).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны