09.11.2006, 18:23 2693

Қазақстан құрамасы EURO -2008 матчының іріктеу турниріне қатысу үшін Португалияға ұшып кетті

АЛМАТЫ. 9 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Португалияға ұшып кетті. Сол елдің құрамасымен ойнайтын футболшыларымыз онда EURO-2008 сайысының іріктеу ойындарына дайындық жасайды,-деп хабарлайды Қазақстанның Футбол одағының баспасөз қызметі.

Команда құрамында қақпашылар Давид Лория, Александр Мокин, Жасұлан Дехқанов; қорғаушылар Егор Азовский, Александр Кучма, Максим Жалмағамбетов, Александр Фамильцев, Самат Смақов; жартылай қорғаушылар Қайрат Утабаев, Андрей Карпович, Андрей Травин, Никита Хохлов, Эдуард Сергиенко, Сергей Ларин, Руслан Балтиев, Қайрат Ишірбеков, Пиралы Алиев; шабуылдаушылар Мұрат Тілешев, Нұрбол Жұмасқалиев, Максим Азовский, Дмитрий Бяков.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Португалия командасымен сайыс қарашаның 15-інде өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны