27.08.2018, 22:50 7938

Қазақстан құрамасы - футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері

Айта кетер жайт, әлем чемпионаты тамыздыӊ 19-26-сы арадығында Almaty Arena және Halyk Arena мұз сарайларында өткізілді. Келесі әлем чемпионаты екі жылдан соӊ Полшаныӊ Познань қаласында өтетін болады.

Алматы. 27 тамыз. Kazakhstan Today -AlmatyArena көп функционалды кешенінде футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатыныӊ финалдық кездесуі өтті. Қазақстан ерлер құрамасы Ресейге қарсы ойнап, одан 2:4 есебімен ұтылды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алғашқы болып бұл кездесуде есепті қонақтар ашты. 4-ші минутта Сергей Орлов қақпаны дәл көздеп көзге түссе, бір минут өткен соӊ Антон Соколов есепті 2:0-ге жеткізді. 6-ші минутта қазақстандық Агедиль Мадияров көптеп жиналған қазақстандық жаӊкүйерлерге қуаныш сыйлағанымен, қарсылас команданыӊ ойыншылары Янар Асадов пен Сергей Орлов 7 және 8-ші минуттарда екі гол соғып үміт отын сөндіргендей болды.

Екінші 20-минутта да көрермендер біздіӊ жігіттерден зор үміт күтті. Қос құрама өте қызықты ойын көрсетіп, қауіпті жағдайлар жасағанмен, көп гол соғылмады. Тек, ойынныӊ 38-ші минутында қазақстандық қақпашыАсылжан Илім осы кездесудегі соӊғы допты соқты. Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері атанды.

Осы ойыннан кейін, аренада чемпионаттыӊ салтанатты жабылу рәсімі өтті. Оныӊ барысында арнайы келген қонақтар осы чемпионаттыӊ ұйымдастырушыларына керемет қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, артынша Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев ФИСУ туын келесі әлем чемпионатын қабылдайтын Польша өкіліне тапсырды.

Барлық жүлдегерлер кубок, медальдармен мараптталып, үздік ойыншылар номинация бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды.


Командалық орындар:

Ийелдер:

1 орын Ресей

2 орын Украина

3 орын Португалия

Ерлер:

1 орын Ресей

2 орын Қазақстан

3 орын Украина

Айта кетер жайт, әлем чемпионаты тамыздыӊ 19-26-сы арадығында Almaty Arena және Halyk Arena мұз сарайларында өткізілді. Келесі әлем чемпионаты екі жылдан соӊ Полшаныӊ Познань қаласында өтетін болады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны