13.06.2016, 18:02 10444

Қазақстан Олимпиаданыӊ 98 жолдамасын жеӊіп алды

Бүгін, 13 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 98 жолдаманы жеӊіп алды. Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясынан хабарланды

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, 13 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 98 жолдаманы жеӊіп алды. Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясынан хабарланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен, жеӊіл атлетикадан еліміздіӊ еншісінде 20 жолдама, байдарка мен каноэде есуден - 11, бокс (ерлер) - 10, ауыр атлетика - 10, еркін күрес - 5, әйелдер күресі - 4, оқпен ату - 4, теннис - 3, грек-рим күресі - 3, таеквондо - 3, дзюдо (ерлер) - 3, дзюдо (әйедер) - 2, әйелдер боксы - 2, велошоссе - 2, садақ атудан - 2 жолдама бар.

Мұнымен қоса, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден - 2, мәнерлеп жүзуден - 1, жүзу - 2, қазіргі бессайыс - 1, стендтік ату - 1, велотрек - 1, семсерлесу - 1, үстел теннисі - 1, көркем гимнастика - 1, еспе слалом - 1, батутта секіру - 1, сондай-ақ ашық суда жүзуден 1 жолдаманы жеӊіп алды.

Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздіӊ спортшылары Олимпиаданыӊ 98 жолдамасына ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны