11.11.2015, 19:23 6530

Қазақстан Рио Олимпиадасыныӊ кемінде 110 лицензиясын ұтып алуға үмітті

Қазақстан Рио Олимпиадасыныӊ кемінде 110 лицензиясын ұтып алуға үмітті. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Олимпиада комитетініӊ бірлескен кеӊейтілген жиналысында Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiӊ төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Рио Олимпиадасыныӊ кемінде 110 лицензиясын ұтып алуға үмітті. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Олимпиада комитетініӊ бірлескен кеӊейтілген жиналысында Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiӊ төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Спорттық жеӊіс нәтижелерімен халықаралық аренада мемлекетіміздіӊ ұлттық мерейін көрсететін 31-ші жазғы Олимпиада ойындарына 268 күн, 15-ші Паралимпиада ойындарына 101 күн қалса, жасөспірімдер арасындағы 2-ші қысқы Олимпиада ойындарына тек 93 күн қалды. Осы алдымызда тұрған үш халықаралық маӊызды жарысқа дайындық жайында баяндауға рұқсат етіӊіздер", - деді ол, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Комитет басшысыныӊ айтуынша, Риода өтетін жазғы Олимпиадаға қатысатын спортшыларымызды дайындау және ұйымдастыру шаралары атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта алдағы Олимпиада ойындарына жоспарланған жолдамаларды жеӊіп алу үшін Қазақстан құрама командаларыныӊ зор жеӊіске жетуі үшін барлық жағдай жасалуда.

"Біздіӊ алдымызда жауапты сын, зор міндеттер тұр. Сондықтан қалған уақытымызда қолға алынбай жатқан қосымша іс-шараларды дұрыс жүйеге қойып, кейбір бар кемшіліктерді жойып, дайындық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын. Алдағы Олимпиада ойындарында спорттыӊ 42 түрінен 306 медальдар жиынтығы сарапқа салынады", - деп атап өтті Е.Қанағатов.

Оныӊ сөзіне қарағанда, Қазақстанныӊ Олимпиада командасы сапына қосылуға үміткерлер тізіміне 500-ден астам спортшы, 93 жаттықтырушы енгізілген.

"Бізді құрама команда сапына қосылуға үміткерлердіӊ арасындағы бәсекелестіӊ өткен Бейжіӊ мен Лондон олимпиадалық циклі кезеӊіне қарағанда еселеп өскені қуантады. Кемінде 25 спорт түрінен жоқ дегенде 110 олимпиадалық лицензия ұтып алу жоспарланып отыр. Лондонда спорттыӊ 25 түрінен 105 лицензия болған еді",- деді комитет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны