14.06.2012, 12:34 26894

Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарына 102 лицензия жеңіп алды

Қазақстан спортшылары Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына спорттың 24 түрі бойынша 102 лицензия жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарына 102 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан спортшылары Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына спорттың 24 түрі бойынша 102 лицензия жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев.

Бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Қазақстан спортшылары төрт жылда бір келетін осынау дүбірлі додаға жоғары деңгейде дайындалып жатқанын атап өтті. Қазақстан спортшылары бүгінгі күнге дейін спорттың 24 түрі бойынша 102 лицензияға ие болды.

"Ерлер құрамасының спорттың судағы түрі - су добынан олимпиада лицензиясын иеленуі айтарлықтай жетістік ", - деп атап өтті Талғат Ермегияев.

Сондай-ақ, Агенттік төрағасының хабарлауынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 алтын, 7 күміс және 6 қола, барлығы 15 медаль иеленген Қазақстан әлемдік рейтингте медальдар саны бойынша 14-ші орынды, алтын медальдар саны бойынша 22-ші орынды иеленген. Бұл еліміздегі спорттың әлдеқайда алға басқанын көрсетеді.

Мысалы, олимпиада өтердің алдындағы 2007 жылы Қазақстан әлемдік рейтингте тек 42-ші орынды иеленген.

Баспасөз мәслихаты барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев пен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарына дайындық және қатысу аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум бойынша, Қорға Лондон қаласында өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарында ҚР Ұлттық құрамасының ресми әріптесі дәрежесі берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны