23.05.2016, 16:34 10582

Қазақстанда допингке қарсы сараптама құрылғысы алынды - ҚР МСМ

ҚР-ға рұқсат етілмеген препараттарды бірден анықтайтын, әлемдік талапқа сәйкес допингке қарсы сараптама құрылғысы алынды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы халық алдында берген есептік кездесуі барысында

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР-ға рұқсат етілмеген препараттарды бірден анықтайтын, әлемдік талапқа сәйкес допингке қарсы сараптама құрылғысы алынды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы халық алдында берген есептік кездесуі барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз Қазақстанныӊ Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына 82 лицензиясы бар екенін мақтанышпен айтуымыз керек. Бізге әлі де одаған лицензияларды жеӊіп алу белестерін бағындыру жоспарда тұр. Ирине, біздіӊ бірінші міндетіміз - бұл Риодағы олимпиада ойындарында сәтті ойын көрсетіп, жеӊіспен оралу. Өздеріӊіз білесіздер, қазіргі таӊда допингке қарсы бағытқа қатты мән беріледі, бұл да оӊай мәселе емес. Үш күн бұрын ғана министрлікте допинг мәселесі бойынша халықаралық семинар өтті. Өкінішке қарай, бұл осы уақытқа дейін созылып келе жатқан өте өзекті мәселе",-деді А.Мұхамедиұлы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ведомство басшысы Қазақстан допингке қарсы мәселе бойынша белсенді қадамдар қабылдауы керек, деп атап өтті. Осыған байланысты, допингке қарсы зертханаға заманауи жаӊа қондырғы орнатылды.

"Олимпиада комитетініӊ арқасында допингке қарсы заманауи сараптама қондырғысы сатылып алынды. Сондықтан Қазақстан халықаралық допингке қарсы орталық лицензиясын иеленді. Көптеген елдер, соныӊ ішінде Қытай, Ресей, өкінішке қарай допингке қарсы зерттеу зертханаларын жүргізу лицензиясынан шеттетілді",-деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны