31.07.2015, 13:21 9781

Қазақстандық армия құрамасы ТМД елдері арасында өткен Алғашқы әскери-спорт ойындарында үшінші орынды жеӊіп алды

Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдері арасындағы Бірінші әскери-спорт ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан армиясыныӊ құрама командасы жарыста үшінші орынды иеленді. Біздіӊ әскерилер барлығы 47 медальға, атап айтсақ - 7 алтын, 16 күміс және 24 қола жеӊіп алып, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения елдерініӊ спортшыларын артта қалдырды

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдері арасындағы Бірінші әскери-спорт ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан армиясыныӊ құрама командасы жарыста үшінші орынды иеленді. Біздіӊ әскерилер барлығы 47 медальға, атап айтсақ - 7 алтын, 16 күміс және 24 қола жеӊіп алып, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения елдерініӊ спортшыларын артта қалдырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғашқы әскери-спорт ойындарында Қазақстанныӊ атынан ҚР ҚМ Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ атақты әскери спортшылары шықты. Суда жүзу, дзюдо, қоян-қолтық күрес, кір спорты, офицерлік үшсайыс және штаттық қарудан оқ ату бойынша сайысқа түскен біздіӊ сарбаздар жүлделі орындарды жеӊіп алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жарысқа алты елден барлығы 300-ден астам әскери қызметші қатысты. Бірінші орынды ресейдіӊ атлеттері, ал екінші орынды - Белоруссия армиясыныӊ құрамасы жеӊіп алды.

Ертеӊ, 1 тамыз күні Халықаралық армиялық ойындар басталатынын айта кеткен жөн. Қазақстан осы ауқымды шара аясында үш түрлі сайысқа қатысады. Атап айтқанда, олар "Танк биатлоны", "Авиадартс" және "Каспий теӊізі" (теӊіз биатлоны).

Ағымдағы жылдыӊ 1-15 тамызы аралығында біздіӊ 20 танкшы Мәскеу облысына қарасты "Алабино" полигонында өтетін 13 мемлекет өкілдерімен бірге шеберліктерін сынайды. Дәл осы уақытта Рязань, Сызрань және Липецк қалаларыныӊ әуеайлақтарында Миг-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 қазақстандық ұшу экипаждарыныӊ қатысуымен "Авиадартс" өрістетіледі. Ал Ресейдіӊ Каспийдегі акваторияларында бұл сәтте "Сарыарқа" және "Орал" зымыранды-артиллериялық кемелерінде ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери теӊізшілері және "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ теӊіз жаяу әскерлерінен құралған бригадасы теӊіз биатлоныныӊ жүлделі орындары үшін сайысқа түсетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны