28.07.2015, 18:02 6747

Қазақстандық армияда классикалық парашюттік спорттыӊ чемпиондарын марапаттады

53975 әскери бөлімініӊ ҚР ҚК парашюттік даярлық орталығыныӊ базасында жеке командалық біріншілікке классикалық парашюттік спорт бойынша Қазақстан Қарулы Күштерініӊ 24-ші ашық чемпионаты өтті

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - 53975 әскери бөлімініӊ ҚР ҚК парашюттік даярлық орталығыныӊ базасында жеке командалық біріншілікке классикалық парашюттік спорт бойынша Қазақстан Қарулы Күштерініӊ 24-ші ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

15 ер және 5 әйел командасы, 53975 ә/б іздеу-құтқару және парашюттік-десанттық қызметініӊ 60-тан астам армиялық спортшылары, Аэроұтқыр әскерлерініӊ әскери қызметшілері, парашюттік спорт клубтары мен федерацияларыныӊ өкілдері парашюттік спорттыӊ чемпиондары болуға бақ сынады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қатысушылар қону дәлдігіне парашюттен 602 жеке секіру және акробаттық фигуралар кешенін орындады.

Нәтижесінде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ абсолюттік чемпиондары атағын ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығыныӊ спортшылары аға прапорщик Инна Анцупова мен ҚР ҚК қызметкері Вячеслав Ли иеленді.

Топтық секірулерде жерге қону дәлдігі жаттығуларында жинаған ұпай қосындысы бойынша бірінші орынды ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығыныӊ ерлер және әйелдер командасы қанжығаларына байлады.

"Төрелік ету жерге қону дәлдігіне секірулер нәтижелерін электрондық тіркеу жүйесініӊ көмегімен өткізілді. Барлық спортшылар лайықты өнер көрсетті. Жарыс жақсы деӊгейде өтті" - деді ҚР ҚК ИҚК Парашюттік даярлық орталығыныӊ бастығы майор Леонид Дудкин.

Чемпионатқа қатысушылар қатарында халықыралық дәрежедегі 13 спорт шебері, екі спорт шебері, бірінші және екінші разрядтағы 23 спортшы екенін атап өткен жөн. Тәжірибелі дәрежелі армия спортшыларымен бірге сайысқа жас парашютистер қатысты. Юниорлық сынақта секіруді сегіз спортшы бозбала мен қыздар орындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны