04.02.2011, 15:26 22919

Қазақстандық биатлоншы 15 шақырымдық жекелей жарыста жеңімпаз атанды

Қазақстандық биатлоншы 15 шақырымдық жекелей жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 4 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандық биатлоншы 15 шақырымдық жекелей жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева қыздар арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында Ақ Азиаданың чемпионы атанды. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына 7-Қысқы Азия ойындарының 20-шы алтын жүлдесі түсті.

Алматы облысындағы Солдат шатқалындағы Шаңғы-биатлон стадионында өткен жарыста Елена Хрусталева нысананы көздеу барысында екі мәрте мүлт кеткен. Алайда соған қарамастан, үшінші атыс алаңынан кейін жапониялық биатлоншы Судзуки Фуюконы (Suzuki Fuyuko) 6,7 секундқа ұтып, аралық көшбасшы атанды. Өзінің негізгі қарсыластары нысананы бір-бір мәрте дұрыс көздей алмағандықтан, Елена Хрусталева төртінші атыс алаңынан кейін олардан бір минуттан астам уақытқа озып кетті.

Осылайша ол мәреге бірінші болып келіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 53 минут 16,8 секунд.Күміс медальді жапониялық Судзуки Фуюко иеленді. Ол чемпионнан 1 минут 14,9 секундқа қалып қойды. Қола жүлдені тағы бір қазақстандық Марина Лебедева жеңіп алды. Ол жапондық спортшыдан 4,6 секундқа қалып қойды. Жерлесіміз жарыс барысында нысанаға үш рет дәл тигізе алмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны