09.12.2008, 16:58 1680

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-та өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы халықаралық теннис сайыстарын аяқтады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-та өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы халықаралық теннис сайыстарын аяқтады

Алматы. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-та өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы халықаралық теннис сайыстарын аяқтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ересектер арасындағы сайысқа қатысушы 15 жастағы теннисші қыз турнирдің бірінші раундын табысты аяқтап, корт қожайыны Моника Яжиманы 6:1; 6:3 санымен жеңген болатын. Екінші айналымда ол Ресейлік теннисші Анна Маренкомен бақ сынасып, бірінші сетте 4:6 санымен жеңілсе, бұдан кейінгі екі сетте 6:2, 7:5 сандарымен жеңді .

Ал үшінші айналымда ол Чехиялық Мартина Бореканы қатаң сайыста тізе бүктірді. Ширек финалда Зарина Диас Литвалық Ивета Дапкутені жеңді.

Бірақ жартылай финалда Ұлыбританияның Хизер Ватсон есімді теннисшісінен жеңілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны