07.10.2015, 17:50 6397

Қазақстан-Нидерланды арасындағы футбол матчы кезінде көлік қозғалысы шектеледі

10 қазанда сағат 22.00-де "Астана Арена" стадионында Еуропа Чемпионаты-2016 іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Нидерланды құрамаларыныӊ арасындағы футбол матчы өтеді.

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - 10 қазанда сағат 22.00-де "Астана Арена" стадионында Еуропа Чемпионаты-2016 іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Нидерланды құрамаларыныӊ арасындағы футбол матчы өтеді. Осыған байланысты 10 қазан күні, сағат 19.00-ден бастап матчтыӊ аяқталуына дейін Қабанбай батыр даӊғылы мен Тұран даӊғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер мен таксиден басқа көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектеледі. Ұсынылатын айналма жолы - Орынбор көшесі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласыныӊ халықаралық әуежайына сапарға шығатын азаматтар мен әуежай маӊында тұратын елді-мекендердіӊ тұрғындары жол маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Аталған жол бойындағы жүктемені жеӊілдету мақсатында Астана қаласыныӊ ІІД Икімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын футбол матчына барарда қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырады.

Футбол жанкүйерлері "Астана-Арена" стадионына № 10, 12, 27, 40, 43, 51, 55 қоғамдық көліктерімен қатынай алады.

Сондай-ақ, көрермендер үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады. Сағат 19.00-де Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионы, "Қазақстан" спорт сарайы, "Хазірет Сұлтан" мешіті, "Нұр Астана" мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық циркі, Жеӊіс даӊғылы бойындағы "Жастар" театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды жинап алады.

Арнайы автобус-шатлдардыӊ жол жүру құны қоғамдық көліктердіӊ бағасымен бірдей болып келеді. Жол жүру билеті жарамсыз.

Ойын аяқталғаннан кейін "Астана-Арена" стадионынан автобус-шаттлдары мен № 10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 55, 61 қоғамдық көліктерімен қайтуға болады.

Елордалық полицейлердіӊ айтуынша, бұрын өткізілген шараларға сәйкес жанкүйерлердіӊ қоғамдық көліктерді пайдаланғаны тиімді екені дәлелденді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны