04.02.2011, 15:08 7885

Қазақстанның құрамасы Қытайлық Тайпейді 35:0 есебімен ойсыраты жеңді

Қазақстанның құрамасы Қытайлық Тайпейді 35:0 есебімен ойсыраты жеңді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 4 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның құрамасы Қытайлық Тайпейді 35:0 есебімен ойсыраты жеңді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша кеше Астанадағы "Қазақстан" спорт кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизион санатында Қазақстан мен Қытайлық Тайпей құрамалары кездесті.

Ойынның нәтижесі бойынша қазақстандық хоккейшілер өз қарсыластарын 35:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында қазақстандық шабуылшы Максим Худяков алғашқы шайбаның авторы атанды. Оң жақ шабуылшы Вадим Краснослабодцев қарсыластың қақпасына жеті бірдей шайба кіргізіп, кездесудің үздік ойыншысы атағына ие болды. Ал капитан Талғат Жайлауов ойын барысында үш шайбаны салып үлгерді.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайлық Тайпей командасы Қазақстанның негізгі қарсыластары - Жапониядан 18:0 есебімен, ал Корея құрамасынан 22:0 есебімен оңбай жеңілген болатын. Осы жолы Қазақстанның құрамасы жапондықтардың жетістігін екі еселеп, Корея құрамасымен салыстырғанда, өзінің басымдығын байқатты. Сондықтан алдағы ойындарда қазақстандық хокейшілер жеңіске жетеді деген нық сенім бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны