18.01.2008, 18:21 2673

Қазақстанның олимпиадалық құрамасында спортшының ағзасынан допингті анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді - Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның олимпиадалық құрамасында спортшының ағзасынан допингті анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді - Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның олимпиадалық құрамасында спортшының ағзасынан допингті анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді - Туризм және спорт министрлігі

Астана. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде өтетін 29 жазғы олимпиадалық ойындарының дайындығы аясында Қазақстанның олимпиадалық құрамасында спортшының ағзасынан тыйым салынған допингтік заттарды анықтаудың заманауи жаңа тәсілі енгізілді. Бұл туралы бүгін бүгін өткен ҚР туризм және спорт министрлігінің коллегиясында спорттық қор және ұлттық командалық штаты дирекциясының директоры Ілсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жаңа тәсіл енгізілгеннен кейін, допингті анықтау үшін бес мыңнан аса зерттеу мен тестілер жасалды ", - деді І. Қанағатов.

Сонымен қатар, оның сөздері бойынша, бүгінде кебір спорт түрлері бойынша оқу-жаттығуларын өткізу және жоспарлауды реттейтін компьютерлік технологиялар енгізіліп жатыр.

"Біздің спортшыларымызды фармакологиялық қамсыздандыру бойынша ғылыми кешенді топ пен сараптау кеңесі құрылды", - деді министрліктің өкілі. "Оралда Қазақстан мен Ресейдің 25 ғылым докторын біріктіріп отырған уақытша ғылыми- зерттеу ұжымы құрылды. Олар спортшылар мен бапкерлер үшін 10 тәсілдік ұсыныстарын дайындап шығарды", - деп құлағдар етті І.

Қанағатов.

Сөздері бойынша,"Олимпиадалық ойындардың басталуына үш ай қалғанда, олимпиадалық лицензияны жеңіп алған қазақ спортшылары, тағы да екінші ретолардың дайындықтарын анықтайтын кешенді медициналық зерттеуден өтетін болады ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны