15.07.2013, 14:07 27437

Қазанда өтіп жатқан Универсиададағы Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс медальге толықты

Қазандағы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс медальға толықты, оны каноэдан есуден жарыста Сергей Емельянов жеңіп алды.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Қазанда өтіп жатқан Универсиададағы Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс медальге толықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазандағы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс медальға толықты, оны каноэдан есуден жарыста Сергей Емельянов жеңіп алды.

Қазақстан спортшысы Сергей Емельянов каноэдан жалғыз есуден 1000 метрлік қашықтықта Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Емельянов 4:11.515 уақыт көрсетті, ал алтын жеңіп алған венгр Тамаш Кисстің көрсеткіші - 4:10.837, үшінші болып ресейлік Илья Штокалов - 4:12.668 келді.

Айта кету керек, бұл қазақстандықтардың осы жарыс түріндегі алғашқы медалі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Универсиаданың турнирлік кестесінде 20-шы орында келеді. Жалпы есепте біздің құрамада 23 медаль бар, оның 2 алтын, 9 күміс және 12 қола.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны