Система Orphus

Қазандағы Универсиаданың қортындысы бойынша Қазақстан медальдік есепте 19-орынды иеленді

18.07.2013 16545

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан құрамасы Қазан қаласында өткен 27-ші Жазғы Универсиаданың қортындысы бойынша медальдік есепте 19-орынды иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осылайша, 3 алтын медальді ауыр атлетші Фархад Харки, жеңіл атлетші Маргарита Мукашева және мылтықтан атудан Олеся Снегиревич, Александра Малиновская және Юлия Морозовадан тұратын әйелдер құрамасы жеңіп алды. Екі күміс медальді есуден Сергей Емельянов иеленді.

Универсиададағы бірінші орын Ресей спортшыларына, екінші орын қытайлықтарға, ал үшінші орын жапондықтарға бұйырды.

Айта кету керек, алған марапаттардың жалпы саны бойынша Қазақстан он тоғызыншы орынға тұрақтады.

Медальдік есеп:

1. Ресей - 292 (155,75,62);

2. Қытай Халық Республикасы - 77 (26,29,22);

3. Жапония - 84 (24,28,32);

19. Қазақстан - 30 (3,11,16).

Қазандағы Универсиадада Қазақстанның медальдері (6-17 шілде):

Алтын (3): Қазақстан (Олеся Снегиревич, Александра Малиновская және Юлия Морозова) (мылтықтан ату), Маргарита Мукашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);

Күміс (11): Бейімбет Қанжанов, Бағдат Жарылғасов (самбо), Сергей Емельянов - 2 (байдаркада және каноэда есу), Илихан Жұмаев (күрес), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеу күресі), Руслан Құрбанов (семсерлесу);

Қола (16): Асхат Жаңбыров, Нұрмахан Тынәлиев, Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Ажар Кенбеил, Дилдаш Құрышбаева (самбо), Қазақстан (Олеся Снегиревич, Юлия Морозова және Александра Малиновская), Қазақстан (Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук және Жания Айдарханова) (ату), Қазақстан (Дмитрий Алексанин, Эльмир Илімжанов, Дмитрий Грязнов, Руслан Құрбанов) (семсерлесу) Бердах Примбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Никита Филиппов, Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гульнур Ерболова (белбеу күресі).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны