05.09.2006, 18:49 3296

Қырғызстанда халықаралық Ыстықкөл ойындары басталды

БІШКЕК. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шолпан-Атада бүгін ҮІ Ыстықкөл ойындары басталды, оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстаннан 800-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның денешынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстықкөл ойындары қыркүйектің 5 мен 12 аралығында "Көгілдір Ыстықкөл" шипажайының спорттық базаларында өтеді. Жарыстар бағдарламасына 15 спорт түрі, соның ішінде аяқдоп, волейбол, жүзу, жеңіл атлетика, теннис, үстел теннисі, армрестлинг, дартс сайыстары енген. Осынау жыл сайынғы шараны Қырғызстанның денешынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі ұйымдастырады.

Былтыр халықаралық Ыстықкөл ойындарына 600-ден астам адам қатысқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны