16.05.2017, 17:44 5027

Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы Илем чемпионатыныӊ жеӊімпаздарын марапаттады

Облыс әкімі Исел Серікбайға 500 мыӊ теӊгеніӊ, Назерке Нұрғалиға 300 мыӊ теӊгеніӊ, ал жаттықтырушысына 200 мыӊ теӊгеніӊ сертификаттарын табыс етті.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы Илем чемпионатыныӊ жеӊімпазы Исел Серікбаймен және күміс жүлдегері Назерке Нұрғалимен кездесті. Естеріӊізге сала кетейік, жақында ғана Румынияныӊ Яссы қаласында шахматтан оқушылар арасында өткен Илем чемпионатына әлемніӊ 45 елінен 570 спортшы қатысты, Қазақстан құрама командасынан 33 спортшы бақ сынады. 9 турдан 8,5 ұпай жинаған Исел Серікбай Илем чемпионы атанып, Тәуелсіз еліміздіӊ көк туын көкте желбіретіп, Инұранымызды асқақтатты. Ал, Назерке Нұрғали 7,5 ұпай жинап, күміс жүлдені иеленді.

-Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамныӊ ақыл-ойыныӊ дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудыӊ тиімді құралы. Исел, Назерке, міне осындай интеллектуалды додадағы сіздердіӊ жеӊістеріӊіз мыӊдаған жастыӊ шахматқа деген құлшынысын арттыра түскеніне сенімдімін. Егер әрбір жас осылай өз мақсатына ұмтылатын болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыӊғы қатарлы елге айналады,-деген облыс әкімі спортшыларға сәттілік тіледі. Жас спортшылардыӊ алдағы халықаралық додаларда ел абыройын асқақтата түсеріне сенім білдірді.

Исел Серікбай, Назерке Нұрғали және олардыӊ бапкері Василий Шимелков аймақ басшысына және барлық жанкүйерлерге алғыс айтты.

Облыс әкімі Исел Серікбайға 500 мыӊ теӊгеніӊ, Назерке Нұрғалиға 300 мыӊ теӊгеніӊ, ал жаттықтырушысына 200 мыӊ теӊгеніӊ сертификаттарын табыс етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны