24.10.2017, 17:35 7922

Қытайда байдарка және каноэде есуден жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызылордалық Мерей Медетов жеӊімпаз атанды

Жоғары спорт шеберлігініӊ тәрбиеленушісі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мерей Медетов 200 метр қашықтықта каноэ - екілік бәсекесінде Азия чемпионы атанды.

Қызылорда. 24 қазан. Kazakhstan Today - Қытайда байдарка және каноэде есуден жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар 2 жүлде иеленді.

Жоғары спорт шеберлігініӊ тәрбиеленушісі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мерей Медетов 200 метр қашықтықта каноэ - екілік бәсекесінде Азия чемпионы атанды.

Ал №5 облыстық олимпиадалық резервтіӊ мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебініӊ спортшысы, ҚР спорт шебері Алтынбек Қожахмет 1000 метр қашықтықтағы каноэ - бірлік сынында қола жүлдеге ие болды.

Спортшыларды жарысқа ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Мұхитдин Мейірбеков дайындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны