01.06.2017, 17:20 5306

Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетов мемориалына арналған шахматтан ҚР балалар кубогыныӊ I кезеӊі аяқталды

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздіӊ 12 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 300-ге жуық шахматшы қатысты.

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетов мемориалына арналған шахматтан ҚР балалар кубогыныӊ I кезеӊі аяқталды.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздіӊ 12 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 300-ге жуық шахматшы қатысты.

7 күнге созылған жарыстыӊ қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ командасы бірінші орынды жеӊіп алды. Екінші орынды Астана қаласы еншілесе, үшінші орын Қостанай облысыныӊ командасына бұйырды.

Он жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында астаналықтар Диана Қайырбек кубоктыӊ жеӊімпазы атанса, Илімжан Имірқұл күміс жүлдеге ие болды. Ақмолалық Илья Роголев қола жүлдеге қол жеткізді.

Жақсылық Ақылбек (ШҚО) төртінші орынды, Бекмұхаммед Несіпбаев (ОҚО) бесінші орынды иеленді.

8 жасқа дейін қыздар арасында атыраулық Зарина Нұрғалиева мен ұлдар арасында ақтөбелік Алан Петухов жеӊіс тұғырына көтерілді. 10 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Дамира Маджанова алтын жүлдені иеленді.

14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шымкенттік Ибілмансұр Ибілқайырдыӊ мерейі үстем болды. Астаналықтар Елімжан Қали күміс, Имір Сатыбалды қола жүлделерге ие болды. Ал Нұрбақыт Байшурин (Астана қ.) 4-орынды, Шыӊғысхан Саржанов (Қостанай) 5-орынды еншіледі.

12 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналықтар Меруер Камалиденова мен ұлдар арасында Тимур Кеӊбейілов және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында қызылордалық Самал Ибдуали жеӊімпаз атанды.

Сондай-ақ, ҚР балалар кубогы аясында шахматтан блиц турнир және "Қызылорда Опен" рейтінгілік турнирлер ұйымдастырылды.

Нәтижесінде астаналық Диас Исабаев блиц турнирде бірінші орынды жеӊіп алды. Қалған орындарды Жәнібек Аманов (Атырау) пен Бақтияр Нұғыманов (Ақмола) еншіледі.

Турнирдіӊ "Еӊ жас шахматшы" номинациясын қыздар арасында қызылордалық Назерке Нұрғали, ұлдар арасында астаналық Сатбек Ахмединов иеленді. "Үздік нәтиже көрсеткені үшін" қызылордалық шахматшылар арасында Исел Серікбай, әйелдер арасында астаналық Меруерт Камалиденова, ардагерлер арасында қызылордалық Виталий Хан марапатталды.

Алматы қаласыныӊ шахматшысы Станислав Зыбин "Қызылорда Опен" рейтінгілік турнирініӊ жеӊімпазы атанды. Астаналықтар Қазыбек Нөгербек екінші, Андрей Кван үшінші, атыраулық Жәнібек Аманов төртінші орындарды иеленді.

Турнирде "Үздік нәтиже көрсеткені үшін" номинациясына қызылордалық шахматшылар арасында Шадияр Ермағамбетов, әйелдер арасында шымкенттік Кристина Ким, ардагерлер арасында қызылордалық Юрий Егай ие болды.

Жеӊімпаз, жүлдегерлерге және номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок және ақшалай сертификаттар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны