07.08.2017, 19:41 6492

Қызылорда қаласында дойбыдан республикалық турнир өтті

Қызылорда қаласында дойбыдан тұӊғыш спорт шебері Бақ Иманалиевті еске алуға арналған көз мүгедектері арасында республикалық турнир өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастарылған жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан және Түркістаннан дойбышылар қатысты.

Қызылорда. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында дойбыдан тұӊғыш спорт шебері Бақ Иманалиевті еске алуға арналған көз мүгедектері арасында республикалық турнир өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастарылған жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан және Түркістаннан дойбышылар қатысты.

Б.Иманалиев Арал ауданы, Қамбаш ауылыныӊ тумасы. 1984 жылы алғаш рет КСРО финалына қатысқан бірінші қазақ жігіті. Ол 30 жасында "Буревестник" ерікті спорт қоғамыныӊ одақтық біріншілігінде тұӊғыш рет спорт мастерініӊ нормасын артығымен орындап, тұӊғыш дойбыдан спорт шебері атанды. Қазақ соқырлар қоғамыныӊ ондаған жылғы (1981-2008), 3 рет Қазақстанныӊ чемпионы, Қазақстан тәуелсіздігіне арналған турнирдіӊ жеӊімпазы, бірнеше ірі турнирлердіӊ жеӊімпазы, бірнеше рет КСРО командалық біріншіліктерініӊ чемпионы және жүлдегері болды.

Төрт күнге созылған жарыс нәтижесінде аралдық Дәулет Дүйсенбаев жеӊімпаз атанды. Екінші орынды қазалылық Асқар Сәрсенбай иеленсе, үшінші орынды қызылордалық Ертай Ибимолда еншіледі.

"Жеӊіске деген жігері үшін" номинациясымен сырдариялық Руслан Рахманбердиев, "Ардагер ойыншы" - қызылордалық Александр Ким, "Еӊ жас ойыншы" - 17 жастағы жаӊақорғандық Айсана Алмабекова, белсенді қатысқаны үшін қазалылықтар Рабиға Шаламен, Ардақ Есіркепова және жаӊақорғандық Мадина Нұрсейіт марапатталды.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок және естелік сыйлықтар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны