19.04.2017, 16:11 4883

Қызылорда қаласында мектеп оқушыларыныӊ облыстық көктемгі спартакиадасы өтті

Қызылорда қаласында облыстық білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен мектеп оқушыларыныӊ облыстық көктемгі спартакиадасы өтті. Волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, шахмат, үстел теннисінен өткен спартакиадаға аудандық және қалалық іріктеуден өткен 600- ден астам жас спортшы қатысты.

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында облыстық білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен мектеп оқушыларыныӊ облыстық көктемгі спартакиадасы өтті. Волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, шахмат, үстел теннисінен өткен спартакиадаға аудандық және қалалық іріктеуден өткен 600- ден астам жас спортшы қатысты.

Оқушылар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамытуды мақсат еткен шара жеӊімпаздары облыстық білім басқармасыныӊ дипломдарымен, естелік кубоктармен марапатталды. Үздік ойын көрсеткендерге арнайы номинациялармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға Қазалы ауданы оқушылары көтерілсе, екінші орынға Қызылорда қаласы командасы ие болды, үшінші орын Жаӊақорған ауданы командасында.

Спартакиада жеӊімпаздары мен жүлдегерлерден жасақталған облыстыӊ құрама командасы республикалық жарыстарға қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны