Система Orphus

Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты басталды

12.04.2017, 17:00 2357

Қызылорда. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты басталды. Облыста үшінші мәрте ұйымдастырылған велошабандоздар жарысына Астана, Алматы қалаларынан және еліміздіӊ он облысынан 100-ге жуық велошабандоздар қатысуда.

Олар 5 күн бойы Қызылорда-Шымкент, Шымкент - Самара және Қызылорда-Самара бағыттарындағы тас жолда топтық, жекелей және айналма жарыстарда бақ сынайды.

Жарыстыӊ салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Садық Мұстафаев пен Қазақстан тарихында тұӊғыш Илем чемпионы, КСРО-ға еӊбегі сіӊген спорт шебері, Қазақстан велосипед спорты федерациясы президентініӊ кеӊесшісі Марат Сатыбалдиев сайысқа қатысушыларды құттықтап, жеӊіс тіледі.

Жарыс бағдарламасы бойынша кеше 25 шақырымдық жекелей жарыс басталды. Чемпионат 16 сәуірге дейін жалғасады.

Жарыстыӊ ашылуынан кейін 2000-2001 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында топтық жарыс өткізілді. Қыздар арасында қызылордалықтар жақсы өнер көрсетті. Нәтижесінде Аружан Ғалымжан жеӊімпаз атанса, Анастасия Иванова 2-орынды, Ақтолқын Ибдіжаппар 3-орынды иеленді.

Ұлдар арасында Александр Бекеновтыӊ (Қарағанды) мерейі үстем болса, Илья Рябов (ШҚО) күміс жүлдені, Анатолий Боярский (Алматы обл.) қола жүлдені еншіледі.

Сондай-ақ, велоспорттан Қазақстан чемпионаты аясында екінші рет мектеп жасына дейінгі балалар арасында "Балдырған - 2017" атты Қызылорда қаласыныӊ Гран-при жарысы өткізілді. Оған Қызылорда қаласынан 15-ке жуық балабақшадан 5-6 жастағы кішкентай балалар қатысып, үздіктері анықталды.

Ұлдар арасында Мансұр Пахрадин 1-орынды иеленсе, Мадияр Дәулетұлы 2-орынға, Нұрали Қойбағаров 3-орынға ие болды.

Қыздар арасында Дария Шахарман жеӊіс тұғырына көтерілсе, 2-орынды Раяна Пернебек, 3-орынды Рәбиға Мәуленқызы еншіледі.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлерге облыстық велосипед спорты федерациясыныӊ арнайы сыйлықтары табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны