12.06.2017, 18:17 5511

Қызылорда облысы Қазалы ауданында медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Қызылорда облысы Қазалы ауданында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай спорттық ойын түрлерінен спартакиада өтті. Бұл туралы аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай спорттық ойын түрлерінен спартакиада өтті. Бұл туралы аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Спартакиаданыӊ ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімініӊ орынбасары С.Бабанаев "Экспо-2017" көрмесініӊ маӊыздылығына тоқтала келе, спартакиадаға қатысушы ақ халаттыларға сәттілік тіледі. Аудандық аурухананыӊ бас дәрігері К.Ибілов шараныӊ өткізілу мақсаты медицина қызметкерлерініӊ спортқа ынталылығын арттыру, олардыӊ негізгі кәсіби жұмысымен қатар спортты да қатар алып жүретінін таныту екендігін жеткізді.

Спартакиадаға орталық аурухана, орталық емхана, Қазалы қаласыныӊ емдеу мекемелері, "Жетес би" мен "Болат жол" емханалары, перзентхана, ауылдық емханалар, барлығы 7 команда қатысты. Жарысқа қатысушылардыӊ арасында хирургтар, жас мамандар, бас дәрігерлер де бар. Екі күнге созылған жарыста дәрігерлер қауымы арқан тарту, дойбы, қол күрес, волейбол, жүгіру, эстафеталық жарыс, мини футболдан сынға түсті.

Жоғары деӊгейде өткен жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте аудандық аурухана ұжымы жеӊімпаз атанды. Екінші орынды Қазалы қаласыныӊ емдеу мекемелерінен құралған команда иеленсе, аудандық емхана ұжымы үшінші орынға тұрақтады.

Барлық жеӊімпаз командаларға диплом мен арнайы кубоктар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны