15.06.2017, 14:12 4938

Қызылорда облысы Сырдария ауданынан Нұрсұлтан Серәлі Австрияда дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы үшін жарыста жеӊіске жетті

60 келі салмақта сынға түскен Нұрсұлтан Серәлі Еуропада топ жарып, туымызды желбіретті.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Жақында Австрияныӊ Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы үшін жарыс өтті. Осы дүбірлі додаға ел намысын қорғау үшін Қазақстан жастар құрамасы атынан 30 спортшы аттанса, олардыӊ ішінде Қызылорда облысы Сырдария ауданынан Нұрсұлтан Серәлі де бар.

60 келі салмақта сынға түскен Нұрсұлтан Серәлі Еуропада топ жарып, туымызды желбіретті.

1997 жылы Бесарық ауылында дүниеге келіп, Жалаӊтөс Баһадүр атындағы спортшы дарынды балалар мектеп интернатында Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген жаттықтырушылары Қален Қалиұлы мен Ришат Бурловтан тәлім алған Нұрсұлтан болашағынан үміт күттіретін спортшылардыӊ бірі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны