04.07.2017, 13:28 6169

Қызылорда облысынан бес адам екінші жарты жылдықта ауыр атлетикадан ел құрамасына кіретін спортшылар санатына енді

Қарағанды қаласында Қазақстан ауыр атлетика федерациясыныӊ басшысы Жанат Түсіпбековтіӊ қатысуымен Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясыныӊ конференциясы өтті.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында Қазақстан ауыр атлетика федерациясыныӊ басшысы Жанат Түсіпбековтіӊ қатысуымен Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясыныӊ конференциясы өтті.

Осы ұйымныӊ баспасөз қызметі хабарлағандай шараға ҚР Ұлттық құрамасыныӊ бас жаттықтырушысы Ю. Мелников, жаттықтырушылар штабы, Рио олимпиадасыныӊ чемпионы Нижат Рахимов, осы олимпиаданыӊ күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, ҚР Ауыр атлетика федерациясыыӊ жергілікті филиалдары басшылары қатысты.

Конференция барысында өткен жыл қорытындысы қаралып, құраманыӊ халықаралық жарыстардағы нәтижесі талқыланды.

- Жыл сайын мемлекет спортты бұқаралығын арттыру бағытында қолдауды күшейтіп келеді. Осыныӊ арқасында талай спортшымыз елімізде өткен додалармен қатар халықаралық жарыстарда топ жарды. Оныӊ дәлелі - Риода өткен Олимпиада десек қателесе қоймаспыз. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы осы олимпиададан 5 медаль иеленіп, медаль санынан Қытай құрамасымен кейін екінші орын алды. Бірақ бұған тоқмейілсімеген жөн. Алда Токио олимпиадасы тұр, - деді ҚР Ауыр атлетика федерациясы жетекшісі Жанат Түсіпбеков.

Конференцияда өӊірлерде ауыр атлетиканы дамыту мәселелері сөз болды. Федерация басшысы басқа аймақтарға Қызылорда мен Алматы облыстарын үлгі етті. Өзге өӊірлер ауыр атлетиканы осы облыстар деӊгейіне көтерсе Қазақстан осы спорт түрінен әлемде бірінші болары анық.

Конференция аясында екінші жарты жылдықта ел құрамасына кіретін спортшылар есімі белгілі болды.

ҚР ерлер командасы:

1. Рахимов Н.

2. Харки Ф.

3. Зайчиков А.

4. Уланов Д.

5. Чонтей А.

6. Абубакаров С.

7. Антропов А.

8. Савельев А.

9. Жақанша А.

10. Казов А.

11. Сыбай Р.

12. Линдер А.

13. Линдер С.

14. Макеев М.

15. Сон И.

16. Бектай А.

ҚР әйелдер командасы:

1. Жаппарқұл Ж.

2. Горичева К.

3. Елисеева М.

4. Аборнева А.

5. Садықова А.

6. Потасова Ю.

7. Амангелді А.

8. Садуақасова С.

9. Ауылбек А.

10. Қозғамбева К.

11. Шалқарова А.

12. Пастухова О.

13. Павлова В.

14. Серебрякова А.

15. Мүптілда А.

16. Мешітханова Р.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны